#QazzaqDepression. Қотыр-Д`Ам не Пәле. «Сержоның қанаты»

Елу орындық автобус күшеніп-тышанып төбешікке көтерілді де, алдында жатқан тоқсан тоғыз жотаны көріп, «білә» дегендей глушителін бырт-бырт еткізді. Шопыр онысына қараған жоқ, түрлі секс-ойыншықтарға прототип болатынындай бар ұзын, жіңішке, басы жұмыр, қара рычагты қақырата тартып жіберіп, еңіске басты.

Осырық пен шуаштың күлімсі «дуэті», жүз жыл жуылмаған ескі перделердің көк-тат иісі, талай адамның тері сіңе-сіңе әбден майланған орындықтар, арт жақта бас жазып әуреге түскен «тойшыл қауым», кекірік атқан шал-шауқан мен кемпір-сампыр, ауылдан қайтқан студенттер, қызу еркектер мен тұрмыстан жадаған әйелдер — салдыр-салдыр етіп мың шақырымдық жолға түскен Сетраның ішіндегі бар «қазына» осы еді. Оқуды жалғастыру