Х.Ф.Лавкрафт. Ай жарығындағы әлдене

«Ай жарығындағы әлдене» иллюстрациясы.

Авторы: David Reuss

Бүгін сізге үрей әлемінің хас шебері Хауард Лавкрафтың «Ай жарығындағы әлдене» (The Thing in the Moonlight) атты әңгімесін ұсынғым келеді. Түс көріп, сол түстен шыға алмай қалған, мүлдем танымайтын басқа біреудің санасына кіріп, сол арқылы мына әлемге басындағы жағдайды жеткізген жанның хикаясы өзіме тым ұнап еді.

Туындыны Лавкрафт жалғыз емес, Ж. Чапман Мискемен (J. Chapman Miske) бірлесіп жазған екен. Һәм бұл шығарма Хауардтың 1927 көрген түсінің негізінде баяндалған.

Алғаш рет 1941 жылдың қаңтарында «Bizarre magazine» журналында жарық көрген. «Түстер циклына» кіреді.

* * *

ДИСКЛЕЙМЕР: Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Ең үлкен көмек – сол. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Донат жібергендерге рахмет. Авторға рахмет айту тәсілі өзгерген жоқ: +7 707 490 17 67 (Halyk, Kaspi).

Ал енді өзіміз отырып әңгіме оқиық.

толық оқу

Х.Ф. Лавкрафт. Қорқынышты Шал

Хауар Лавкрафт

Үрей әлемін қалыптастыруда баға жетпес үлесі бар Хауард Филлипс Лавкрафттың осыған дейін бір әңгімесін аударған едім (оқимын десеңіз, міне, «Ескі кітаптағы сурет»). 

Бүгін шағын шығармасын ұсынып отырмын. «Қорқынышты Шалдан» қисынға сай сюжет, бас-аяғы бар оқиға іздесеңіз, таппауыңыз мүмкін, мұның қызығы атмосферада, әңгіменің сыйлайтын эмоциясында. Оны жеткізе алдым ба, жоқ па – білмеймін. 

«Лавкрафт әлеміне» тән Жаңа Англияның сипаты алғаш рет осы әңгімеде пайда болған екен. 

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ:)

Айтпақшы, автордың Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Ал енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:) Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. Есік

Стивен көке Кингті көбіміз білеміз. Бүгін сіздерге осы автордың «Есік» атты әңгімесін ұсынғым келіп отыр. Негізі түпнұсқада «I Am the Doorway» деп көрсетілген. Онысын олай қарадым, былай қарадым, ақыры «Есік» деп қоя салдым, себебі дәл осы шығармада атауда тұрған пәлендей ештеңе жоқ. 

Әңгіме Шолпанға барып-қайтқан экспедицияға қатысқан, апатқа ұшырап, мүгедек болып қалған Артур есімді астронавт жайлы. Жерге оралған соң ол бөгдепланеталық тіршілік иелерімен ойламаған жағдайда, күтпеген сәтте жолығып қалады. 

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ:)

Айтпақшы, автордың Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Ал енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

Оқуды жалғастыру

#QazzaqDepression. Кайен-Угар Таобаоев. Кресло

Әлі есінде. Шешесі жылаған. Әкесі мұртын ширатып, қопаңдап қалды. «Менің балам, менің балам, өзіме тартқан».

16 жасында мектепті, 22-де магистратураны бітіріп, шетелге кетті. 27-ге толмай жатып бөлім, орда бұзбай тұрып бүтіндей бір департамент бастығы атанды. Әлгі шешесінің жылайтын кезі де осы.

Басқарма мүшесі. Топ-менеджер. Басында пәтер, астында көлік, алдында ауыр, қымбат ағаштан қиып жасалған үстел. Ағайынға беделді, құрылтайшылар алдында абыройлы. Бірақ… Оқуды жалғастыру

Гүлдерайым Вэнона. «Мейірім»

«…Сәт сайын жүзіңе қараймын да, сені берген тағдырға мың да бір алғыс айтамын… Мен сені жақсы көремін, білесің бе!? Жақсы көремін!!!
Е, түріңнен сенің, аузы томпаңдап тамақ ішіп отырған… Қабағын түйіп, қасықты қысып ұстап, кіжініп-кіжініп қоятынын қайтерсің… Е, жаман сол…
Құдай-ау, не деген бақыт! Сенің жаныңда болу, қамқор болу, аялап, аймалап, бауырға қысу не деген қуаныш, а! Оқуды жалғастыру

Өлкетанушы және ақырзаман

I бөлім

Ғалым, өлкетанушы А.Ф. Шаповаловтың күнделігінен үзінді

Мәскеу қаласының орталық мұрағатынан. Мұрағаттың ресми келісімі арқылы реставрацияланған түпнұсқаның көшірмесі тұңғыш рет баспа бетінде жарияланып отыр.

«12 ақпан, 1947 жыл, 10 сағат, 07 минут
Приморье Өлкесі, Сихотэ-Алин қыраты

Білмеймін, әлде айдалада жүріп зерттеу жұмыстарын жалғыз жүргізгендіктен, әлде айналадағы меңіреу тыныштықтың әсерінен, соңғы кезде осы тақырыпқа қалам тартқым келеді де тұрады. Бәлкім, ішкі рухани күйзелісті басымнан кешіріп отырғаным, бәлкім өнбей, алға баспай жатқан жұмысым себепкер бұған. Әйтеуір, кеше екі сағат отырып адамзат тарихындағы негізгі апокалипсистік болжамдар туралы жаздым. Қызық… Жә, бүгін ақырзаманның… (сөзді анықтау мүмкін болмады) орындалуына қатысты қағаздың бетін біраз қинайын.

… (шамамен 7-8 жол мәтінді анықтау мүмкін болмады, сиясы былғанған, кей жері күйген) Оқуды жалғастыру