Әлітөлеңгіт Әл-Барселони. «Алабама алқабындағы атыс»

– Қғиу! Қиу-қиу!

Іле-шала сағақты винчестер гүмп-гүмп ете қалды, оған Паркердің қосауызы шақылдап жауап қатты, арасына ремингтондар да арсылдап қосыла кетті.

Уілдеп, сары даланы сырып келе жатқан поштаның экспресс пойызы көкке шұбатылған «бұрымды» түтінін қоюлатты да, жүрісін күшейте түсті. Кочегаркадағы паровоздың сатпақ пеші қара көмірді қомағайлана жұта бастады.

Аттың үстінен оқ жаудырған қарақшылар да, жалғыз вагонның қираған терезелерінен қаруларын қылқитып, қорғанысқа көшкен күзетшілер де өліспей-беріспейтінін жақсы түсінді. Себебі, бәске тігілген «жіліктің басы» тым-тым майлы еді.

Толық оқу

Гүлназым Батхерд. «Қырық еркек толтыра алмаған…»

Айқайлап, жылай кірген. Кірген де, мұның иығына басын қойып тұрып тағы жылаған. Реніш пен ызаға, ашу мен кекке толы өңіреген дауысы бірте-бірте солықтап барып басылды да, мұң мен зардың гимніне айналды.

Бұл сасып қалды. Бір подъезд ары тұратын көрші келіншекпен қоқыс жәшігінің жанында, бірінші қабаттағы дүкеннің ішінде ұшырасып қалатыны болмаса, былай онша-мұнша танымайтын. Әйтеуір, бас изеседі.
Оқуды жалғастыру

Уильям Логан Таңатаров. «Жалмауыздың жүйкесі»

Бұрынғы өткен заманда Алматы шәрінің Қарамерген деген кісісі болыпты. Дәулеті жоқ пенде екен. Кіре тартып, кісі тасып жан бағыпты.

Бір күндері бұл Индрайверден тапсырыс алып, Алматыдан алты сағаттық жерге шығыпты.

Жетеріне жарты сағат қалғанда коленвалы кетіп, тозып тұрған көлігі сынып, жолдың шетіне тоқтауға мәжбүр болыпты.

Ары-бері өткен бір мейірімді пұсырман медет қылар деген үмітпен Қарамерген темекісін тартып, жүрелеп отыра кетіпті. Сол кезде артынан бір нәрсенің жүрген дыбысын естіпті.

Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. Қанішер

Дерек: Бұл шағын әңгіме 1994 жылы жарияланды. Алпысыншы жылдары жарық көрген «I’ve Got to Get Away» («Бұл жерден шығуым керек») әңгімесінің өңделген нұсқасы.

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

***

Селк етіп оянды да, кім екенін, мына әскери зауытта не істеп жүргенін есіне түсіре алмады. Есімін де білмейді.

Зауыт үлкен екен. Іші толы қару құрастыруға арналған, зырыл қаққан жол-жол конвейер. Жиналып, бұралып, құрылып жатқан детальдардың сақылдаған дауысынан құлақ тұнады.

Көзі түскен қораптан дайын болған тапаншаның бірін алды.

Дәл алдында тоқтап қалған станок тұр. Сірә, жұмыс орны осы болса керек.  Оқуды жалғастыру

#QazzaqDepression. Фрэнк Дарабоз. Жансая

Артқы аулаға апаратын ауыр есікті итеріп әрең ашып, сыртқа шықты. Дүңкілдеген музыка, көлкіген темекі түтіні жүрегін көтеріп жіберіпті. Қызыл кірпіштен өрілген қабырғаға сүйеніп отыра кетті. Қымбат қысқа тонының етегі былғанғанына, жалт-жұлт еткен тізеден жоғары party-көйлегінің жиырылып қалғанына мән берген жоқ.

Жұмыстың алдында жарым сағат отырып жаққан опа-далабын айғыздап ұзақ жылады. Әттең, айқайды салып, көкірегінде шемен болып қатқан шер мен мұңды жібітіп, лақылдатып, сыртқа шығарғысы-ақ, еңірегісі-ақ келеді. Бірақ болмайды. Мұның ұлыған дауысы экстазиға елірген, араққа айбаттанған әлдекімдердің құлағына жетуі мүмкін. Тәлтіреңдеген мас болса, бұтынан теуіп, құлатып, қашып кетер-ау, топ болып жүретін есерсоқтарға шамасы қайдан жетсін.

Пышылдап, тырнағын шұқылап көп отырды. Басын қисайтып, ернін тістелей берді. Ойға батқандағы әдеті. Кәдімгідей жеңілдеп қалыпты. Тек аузымен ауа қармап, терең-терең дем алып, солықтаған қоя алар емес.  Оқуды жалғастыру

#QazzaqDepression. Квентин Тарақты. «Психолог»

«Әдебиет әнегі» газетінен анықтама: Білә болайын, бұл өмірде ішкені де, тышқаны да қисынға келмейтін бір жазушылар болады. Квентин Тарақты сондай, шешестің, өткенде отбасылық драма жаздым деп екі парақ ұстап кеп тұр. Жо, кесін ғо, оған біреу бірдеңе деватқан жоқ, бірақ есі дұрыс адам таңғы бесте терезені тоқылдата ма!? А? Редакция? Редакция емес, еппашымайттың баласы, үйімнің, менің үйімнің терезесі! Жазғандары да сондай, бұтақ та түсініксіз, аяқ асты басталып кетеді де, кілт бітіп қалады, тым-тырыс тамақ ішіп отырып, атып тұрып, туалетке жүгірген адамның ісі бір. Білә болайын.

* * *

— Шылым тұтатсам..?

— Әрине, әрине…

Сабан сары шашын жалбырата жайып жіберген, бет-аузын баттастыра бояған орта жастардағы әйел орындықты сықырлатып қозғалақтады да, қолындағы клатчын қатты қысқан күйі қатып қалды.  Оқуды жалғастыру

#QazzaqDepression. Кайен-Угар Таобаоев. Кресло

Әлі есінде. Шешесі жылаған. Әкесі мұртын ширатып, қопаңдап қалды. «Менің балам, менің балам, өзіме тартқан».

16 жасында мектепті, 22-де магистратураны бітіріп, шетелге кетті. 27-ге толмай жатып бөлім, орда бұзбай тұрып бүтіндей бір департамент бастығы атанды. Әлгі шешесінің жылайтын кезі де осы.

Басқарма мүшесі. Топ-менеджер. Басында пәтер, астында көлік, алдында ауыр, қымбат ағаштан қиып жасалған үстел. Ағайынға беделді, құрылтайшылар алдында абыройлы. Бірақ… Оқуды жалғастыру

Анастейша Әбдіғаниұлы. «Үрудің елу реңі»

– Үреміз бе? – деді жаңа «досы».
– Да…вай, – деді бұл аузына келіп қалған ащы дәмді сілекейімен араластырып қайта жұтып жіберіп.
– Білә, быымвым бар еді, ішіп қойдым, айдап шыға алмайм, айып етпе, брат.
Бұл естімеді. Кеш бойы ішкен арақтың тамағына тырнағын салып, өңеш бойымен жорғалап жоғары шығу процесіне аса қатты мән беріп отыра берді. Оқуды жалғастыру

Зайыпқыран Вурст. «Әділ шешім»

– ТАНАШТЫЫЫЫЫҚ! ТАНЫШТЫЫЫЫҚ!!!

Антуан Шәріп хан қалалық сотының судьясы Ебей-жебей Коллинз барқырап, үстелді тарсылдатып өліп қала жаздады. Дауласып келген тараптардың кім екенін, не себеппен келгенін білмесе де, байқатпай сот залына алып кірген айыр, найза, он алты келілік кір тасы, темір төсектің душкасы секілді қарулары құр қайтпасын деп екіге бөліне кеткен топ наразылықпен улап-шулап, ысқырып, орындарына жайғасқандай болды. Оқуды жалғастыру

Гүлдерайым Вэнона. «Мейірім»

«…Сәт сайын жүзіңе қараймын да, сені берген тағдырға мың да бір алғыс айтамын… Мен сені жақсы көремін, білесің бе!? Жақсы көремін!!!
Е, түріңнен сенің, аузы томпаңдап тамақ ішіп отырған… Қабағын түйіп, қасықты қысып ұстап, кіжініп-кіжініп қоятынын қайтерсің… Е, жаман сол…
Құдай-ау, не деген бақыт! Сенің жаныңда болу, қамқор болу, аялап, аймалап, бауырға қысу не деген қуаныш, а! Оқуды жалғастыру