НИЛ ГЕЙМАН. ҚҰН

Нил Гейман – атақты жазушы. Кинематографпен аралас-құралас жүрген соң, оны тек әдебиет аудиториясы ғана емес, жалпы поп-мәдениеттен хабардар жандар біледі. Тым құрығанда аты-жөнін құлағы шалған. «Жұлдыз шаңы», «Америка Құдайлары» секілді жобаларды естіген боларсыз? Міне, сол осы Гейманның әлемінен.

Бұған дейін бұл автордың «Қарт Николас« деген шағын шығармасын беріп едім. Енді өзіме ұнаған кей әңгімесін ара-тұра аударып отыруға тырысайын.

Автордың айтуынша, мына бүгінгі әңгіме «мысық пен періште» концептінен туған екен.

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ:) Айтпақшы, автордың Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

толығырақ оқу