Нил Гейман. Қарт Николас

Нил Гейман

Қарт Николас адамзат күнәсі мен кінәсінен де кәрі еді, сақалы да бұдан әрі ағара түседі деу мүмкін емес-ті. Николастың өлгісі келетін.

Арктика үңгірлерінің қортық тұрғындары мұның тілін білмейді, бірақ шырылдаған өз тілінде шұрқырасады да жатады. Фабрикадағы жұмыстан қолдары бос кезде істейтін түсініксіз ғұрып-жоралары бар.

Жылына бір рет олар зар еңіреп, қарсы болғанына қарамастан мұны Тұңғиық Түннің құшағына айдап қуып шығады. Сапар кезінде Николас әлемдегі әр балаға барып, төсегінің қасына қортықтардың көрінбейтін сыйлығын тастайды. Бұл саяхатта уақыт тоқтап, балалар ұйқы құшағында болады.

Николас Прометей мен Локиға, Сизиф пен Иудаға қызығады. Мұның жазасы мен азабы олардікінен әлдеқайда ауыр еді.

Хо.

Хо.

Хо.

1 thoughts on “Нил Гейман. Қарт Николас

  1. Қайтарма үнқосу: НИЛ ГЕЙМАН. ҚҰН | blog

Пікір қалдыру