Стивен Кинг. Есік

Стивен көке Кингті көбіміз білеміз. Бүгін сіздерге осы автордың «Есік» атты әңгімесін ұсынғым келіп отыр. Негізі түпнұсқада «I Am the Doorway» деп көрсетілген. Онысын олай қарадым, былай қарадым, ақыры «Есік» деп қоя салдым, себебі дәл осы шығармада атауда тұрған пәлендей ештеңе жоқ. 

Әңгіме Шолпанға барып-қайтқан экспедицияға қатысқан, апатқа ұшырап, мүгедек болып қалған Артур есімді астронавт жайлы. Жерге оралған соң ол бөгдепланеталық тіршілік иелерімен ойламаған жағдайда, күтпеген сәтте жолығып қалады. 

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ:)

Айтпақшы, автордың Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Ал енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. Шайқас

Мына әңгімені алғаш оқығанда түрім әлгі Колин Фаррелл бар мемдегі сияқты болды – «Неее??? Неғылдит! Не деп қуып кеттің, Стивен аға?»

Бірақ өте қызық болды, қалай «жұтып» қойғанымды сезбедім. Осындай басы жоқ, аяғы жоқ, дымды да түсіндірмейтін, бірақ сипатталып жатқан оқиғалар экшн түрде жүретін шығармалар қатты ұнайды.

Қысқасы, нағыз демалыстық «оқиво», оқып шығуға уақыт табасыздар деп үміттенемін.

Стивен Кинг

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. Бүжәй  

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

* * *

Алдында жатқан еркек уоттерберилік Лестер Биллингс болатын. Медбике Викерс әзірлеген формулярдағы мәліметке қарағанда, Лестердің жасы жиырма сегізде, Нью-Йорктегі индустриалдық фирмада істейді, ажырасқан, үш баласы болған, үшеуі де шетінеп кетіпті.

– Шіркеуге бара алмаймын, себебі Құдайға сенбеймін. Адвокат та қабылдамайды, себебі ол мұндай іспен айналыспайды. Мен… балаларымды өлтіріп алдым. Бірінен кейін бірін. Әуелі біреуін, кейін екіншісін, ақыры үшіншісін.

Доктор Харпер магнитофонды қосты.

Биллингс өн бойындағы бұлшық ет атаулыны жиырып, қақитып алған, екі қолын кеуде тұсына қойып, тырысып жатыр – дәп бір өлген адам сияқты, тек аяғы төсектен төмен салбырайды.

– Сонда… сіз… өзіңіз өлтірдіңіз бе, осы ма айтпағыңыз? Әлде…

– Жоқ, – Биллингс шыдамсыздана қолын сілтеді. – Бірақ қан мойнымда. Денни алпыс жетіде кетті. Шерли жетпіс бірде. Энди осы жақында. Сізге соны айтып берсем деймін. Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. Қанішер

Дерек: Бұл шағын әңгіме 1994 жылы жарияланды. Алпысыншы жылдары жарық көрген «I’ve Got to Get Away» («Бұл жерден шығуым керек») әңгімесінің өңделген нұсқасы.

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

***

Селк етіп оянды да, кім екенін, мына әскери зауытта не істеп жүргенін есіне түсіре алмады. Есімін де білмейді.

Зауыт үлкен екен. Іші толы қару құрастыруға арналған, зырыл қаққан жол-жол конвейер. Жиналып, бұралып, құрылып жатқан детальдардың сақылдаған дауысынан құлақ тұнады.

Көзі түскен қораптан дайын болған тапаншаның бірін алды.

Дәл алдында тоқтап қалған станок тұр. Сірә, жұмыс орны осы болса керек.  Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. «Темекіні тастаңыз» корпорациясы

458185Бұл әңгімені мен «Алтын көпір» байқауына арнап аударған едім. Бірақ материалымды қабылдамады, көлемі кішкентай екен. Құр жатқанша, оқи отырыңыздар. Сөге жамандамаңыздар.

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

* * *

Кеннеди әуежайындағы барда күтпеген жерден тоқайласып қалды.
– Джимми? Джимми Маккэнн?
Екеуінің Атланта көрмесіндегі соңғы кездесуінен бері қанша уақыт өтті десеңізші! Джимми сәл толғаны болмаса, тамаша күйде екен.
– Дик Моррисон?
– Дәл өзі. Құлпырып кетіпсің ғой. – Екеуі қол алысты.
– Өзіңе қарап ал, – деді Маккэнн, алайда Моррисон мұның өтірік екенін білетін. Тынымсыз жұмыс, талғамай тамақ ішу және бұрқыратып темекі шегу мұның «құлпыруына» жол бермейтін-ді.
– Біреуді күтіп алуға келдің бе, Джимми?
– Жоқ. Майамиге жиналысқа кетіп бара жатырмын.
– Әлі «Крэгер және Бартондасың» ба?
– Иә, қазір вице-президентпін. Оқуды жалғастыру