РИЧАРД МЭТИСОН. БАСТЫМ, БАСТЫМ

Стивен Кинг «Жазып-сызуыма ең үлкен ықпалын тигізген автор» деп атаған, Рей Бредбери «XX ғасырдағы ең маңызды жазушының бірі» деп санаған Ричард Мэтисон – расымен ұлы адам. Әлгі Уилл Смит жалғызсырайтын «Мен аңызбын», Робин Уилямс елдің көңілін босатқан «Армандар қайда апарады» секілді фильмдер осы Мэтисон шығармаларының негізінде түсірілген.

Бүгінгі «Бастым, бастым» (Button, Button) деген әңгімесі алғаш рет 1970 жылы Playboy журналында жарияланыпты. Кейін бұл бойынша телесериал эпизоды түсірілген екен, ал 2009 Кемерон Диаз бен Жеймс Марсден ойнаған «The Box» фильмі шықты.

Айтпақшы, әңгіме ұнап жатса, «қытай мандарині парадоксі» деген терминді де зерттей кетіңіз:)

ТОЛЫҒЫРАҚ ОҚУ

Майк Гелприн. Шырақ жанып тұрды

Ресейлік фантаст-жазушы Майк Гелприннің әңгімесі. Ресейде осы шығарма бойынша жоғарғы сынып оқушылары ЕГЭ (Бірыңғай мемлекеттік емтихан) тапсырады. 

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

* * *

Андрей Петровичтің үміті әбден үзілген тұста қоңырау шыр етті.

– Сәлеметсіз бе, хабарландыру бойынша соғып тұр едім. Әдебиеттен сабақ бересіз ғой?

Видеофонның экранына дұрыстап қарады. Отыздардағы еркек екен. Қыздиып киініп алыпты – костюм, галстук. Күлімсіреп тұр, бірақ бап-байсалды. Андрей Петровичтің жүрегі тыз ете қалды: хабарландыруды желіге әбден әдет болып кеткен соң бере салған еді. Он жыл ішінде алты-ақ адам хабарласыпты. Үшеуі нөмірден жаңылысқан, екеуі бұрынғыша сақтандыру агенті болып жұмыс істейтін жандар болып шықты, ал тағы біреу литератураны лигатурамен шатастырып алған.

– Бе-берем сабақ, – Андрей Петрович толқып, кекештене бастады. – Ү-үйде. Сізге әдебиет қызық па?

– Қызық, – анау басын изеді. – Атым Максим. Шарттарын білуге бола ма?

Бұл «Сутегін!» деп айтып қала жаздады.

– Сағатына төлейсіз, – солай деуге өз-өзін мәжбүрледі. – Келісім бойынша. Қашан бастағыңыз келеді?

– Шынын айтқанда мен… – Видеофонның ар жағындағы адам тоқтап қалды. Оқуды жалғастыру

Александр Гутин. Банджо

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

* * *

Байғұс әкем шыбын жаны шырқырап, о дүниеге аттанып кете барғанда, Джимми, жаман ашуландым. Әлі күнге әкеме ашулымын.

Ақымақ өлім болды. Мұндай топас өлім тек менің әкемнің түбіне жеткен шығар. Ес-түстен айрылғанша ішіп алып, Бұқа Биллимен төбелескен ғой. Бұқа Биллидің кім екенін білесің бе, Джимми?

Кім екенін айтайын саған. Құдай басқа салмасын, бұл айуан жалаң жұдырықпен-ақ әкем сияқты маскүнемнің онын өлтіре алатын. Ал жалғыз-жарым көкемді жәй ғана бір періп, жанын жәһәннамға жібере салған ғой. Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. Бүжәй  

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

* * *

Алдында жатқан еркек уоттерберилік Лестер Биллингс болатын. Медбике Викерс әзірлеген формулярдағы мәліметке қарағанда, Лестердің жасы жиырма сегізде, Нью-Йорктегі индустриалдық фирмада істейді, ажырасқан, үш баласы болған, үшеуі де шетінеп кетіпті.

– Шіркеуге бара алмаймын, себебі Құдайға сенбеймін. Адвокат та қабылдамайды, себебі ол мұндай іспен айналыспайды. Мен… балаларымды өлтіріп алдым. Бірінен кейін бірін. Әуелі біреуін, кейін екіншісін, ақыры үшіншісін.

Доктор Харпер магнитофонды қосты.

Биллингс өн бойындағы бұлшық ет атаулыны жиырып, қақитып алған, екі қолын кеуде тұсына қойып, тырысып жатыр – дәп бір өлген адам сияқты, тек аяғы төсектен төмен салбырайды.

– Сонда… сіз… өзіңіз өлтірдіңіз бе, осы ма айтпағыңыз? Әлде…

– Жоқ, – Биллингс шыдамсыздана қолын сілтеді. – Бірақ қан мойнымда. Денни алпыс жетіде кетті. Шерли жетпіс бірде. Энди осы жақында. Сізге соны айтып берсем деймін. Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. Қанішер

Дерек: Бұл шағын әңгіме 1994 жылы жарияланды. Алпысыншы жылдары жарық көрген «I’ve Got to Get Away» («Бұл жерден шығуым керек») әңгімесінің өңделген нұсқасы.

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

***

Селк етіп оянды да, кім екенін, мына әскери зауытта не істеп жүргенін есіне түсіре алмады. Есімін де білмейді.

Зауыт үлкен екен. Іші толы қару құрастыруға арналған, зырыл қаққан жол-жол конвейер. Жиналып, бұралып, құрылып жатқан детальдардың сақылдаған дауысынан құлақ тұнады.

Көзі түскен қораптан дайын болған тапаншаның бірін алды.

Дәл алдында тоқтап қалған станок тұр. Сірә, жұмыс орны осы болса керек.  Оқуды жалғастыру