Х.Ф.Лавкрафт. Ай жарығындағы әлдене

«Ай жарығындағы әлдене» иллюстрациясы.

Авторы: David Reuss

Бүгін сізге үрей әлемінің хас шебері Хауард Лавкрафтың «Ай жарығындағы әлдене» (The Thing in the Moonlight) атты әңгімесін ұсынғым келеді. Түс көріп, сол түстен шыға алмай қалған, мүлдем танымайтын басқа біреудің санасына кіріп, сол арқылы мына әлемге басындағы жағдайды жеткізген жанның хикаясы өзіме тым ұнап еді.

Туындыны Лавкрафт жалғыз емес, Ж. Чапман Мискемен (J. Chapman Miske) бірлесіп жазған екен. Һәм бұл шығарма Хауардтың 1927 көрген түсінің негізінде баяндалған.

Алғаш рет 1941 жылдың қаңтарында «Bizarre magazine» журналында жарық көрген. «Түстер циклына» кіреді.

* * *

ДИСКЛЕЙМЕР: Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Ең үлкен көмек – сол. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Донат жібергендерге рахмет. Авторға рахмет айту тәсілі өзгерген жоқ: +7 707 490 17 67 (Halyk, Kaspi).

Ал енді өзіміз отырып әңгіме оқиық.

толық оқу

Стивен Кинг. Есік

Стивен көке Кингті көбіміз білеміз. Бүгін сіздерге осы автордың «Есік» атты әңгімесін ұсынғым келіп отыр. Негізі түпнұсқада «I Am the Doorway» деп көрсетілген. Онысын олай қарадым, былай қарадым, ақыры «Есік» деп қоя салдым, себебі дәл осы шығармада атауда тұрған пәлендей ештеңе жоқ. 

Әңгіме Шолпанға барып-қайтқан экспедицияға қатысқан, апатқа ұшырап, мүгедек болып қалған Артур есімді астронавт жайлы. Жерге оралған соң ол бөгдепланеталық тіршілік иелерімен ойламаған жағдайда, күтпеген сәтте жолығып қалады. 

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ:)

Айтпақшы, автордың Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Ал енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

Оқуды жалғастыру

Джордж Мартин. Қап-қара түнек еді туннель іші

Хазіреті Джордж Мартинді бұл заманның адамы жақсы біледі. “Тақтар таласы” сериалын көріп, авторға лағнет айтқан көрерменнің бірі — өзіммін, мысалы. Міне, осы экранизацияға арқау болған Мартиннің “Алау мен мұз жыры” атты романдар циклі еді.

Бүгін сіздерге Джордж Мартин сонау 1971 жазған әңгімені аударып, ұсынып отырмын. Қысқаша желісі мынау: Жер бетінде ядролық соғыс болып, адамзат қырылады. Тек Ай бетіндегі колонияның азын-аулақ мүшесі ғана тірі қалады. Солардың ұрпағы 500 жыл өткен Жерге оралады. Мақсаттарының бірі — аман қалған адам табу.

Басында оқиға барысы түсініксіз көрінуі мүмкін. Бірақ түбінде екі сюжет желісі тұтасып кетеді. Мен сияқты “а-а-а” деп аңырайып қалуыңыз да ғажап емес:)

Игіліктеріңізге.

Айтпақшы, автордың Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Ал енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:) Оқуды жалғастыру

КЕН ЛЮ. Қағаз аңдар қонысы

Көрнекі сурет. Дереккөз: note.com

Кен Лю – АҚШ-Қытай жазушысы. Бүгін ұсынып отырған «Қағаз аңдар қонысы» атты әңгімесі үшін әдебиет саласындағы беделді деген «Небюла», «Хюго» және World Fantasy Awards жүлделерін алған. «Қағаз аңдар қонысы» – осы үш премияға қатар қол жеткізген тұңғыш шығарма.

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

Оқуды жалғастыру

Энди Вейр. Жұмыртқа

Энди Вейр

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

* * *

Үйге бара жатып өлдің.

Жол апаты. Алып бара жатқан дәнеңесі жоқ, жиі кездесетін оқиға ғой, алайда кісі өлімі болды. Артыңда әйелің мен екі балаң қалды. Жаның шығарда қиналмадың. Жедел жәрдем құтқарып қалуға тырысты-ақ, бірақ амал не? Соққыдан кейінгі тәніңнің кісі көрер жері жоқ, сау-тамтығы қалмаған еді, сондықтан көз жұмғаның дұрыс болды, осы сөзіме сен.

Содан соң мені жолықтырдың. Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. «Темекіні тастаңыз» корпорациясы

458185Бұл әңгімені мен «Алтын көпір» байқауына арнап аударған едім. Бірақ материалымды қабылдамады, көлемі кішкентай екен. Құр жатқанша, оқи отырыңыздар. Сөге жамандамаңыздар.

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

* * *

Кеннеди әуежайындағы барда күтпеген жерден тоқайласып қалды.
– Джимми? Джимми Маккэнн?
Екеуінің Атланта көрмесіндегі соңғы кездесуінен бері қанша уақыт өтті десеңізші! Джимми сәл толғаны болмаса, тамаша күйде екен.
– Дик Моррисон?
– Дәл өзі. Құлпырып кетіпсің ғой. – Екеуі қол алысты.
– Өзіңе қарап ал, – деді Маккэнн, алайда Моррисон мұның өтірік екенін білетін. Тынымсыз жұмыс, талғамай тамақ ішу және бұрқыратып темекі шегу мұның «құлпыруына» жол бермейтін-ді.
– Біреуді күтіп алуға келдің бе, Джимми?
– Жоқ. Майамиге жиналысқа кетіп бара жатырмын.
– Әлі «Крэгер және Бартондасың» ба?
– Иә, қазір вице-президентпін. Оқуды жалғастыру