ХАУАРД Ф.ЛАВКРАФТ. Ұлтардағы мысықтар

Х.Ф.Лавкрафт. Дереккөз: metacultura.com

Лавкрафтың «Ұлтардағы мысықтар» деген бұл әңгімесі 1920 жылы жазылған. Әйгілі «Ұйқы цикліне» кіреді. Бір деректер бойынша, Мысырда қасиетті жануар мысықты өлтірген, сол үшін өлім жазасына кесілген Рим солдаты жайлы ежелгі бір аңыз бұл әңгіменің жазылуына себепші болса керек.

Лавкрафтты аударған өзіме ерекше ұнайды. «Ескі кітаптағы сурет«; «Қорқынышты шал» деген екі әңгімесін оқуды ұсынамын.

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Ең үлкен көмек – сол. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Донатпен қолдау білдірген Нұрланға, Ақмаралға, Айданаға, Гүлбүбіге, Әсел алғысым шексіз. Авторға рахмет айту тәсілі өзгерген жоқ: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

АЛ, ОҚИЫҚ

Х.Ф. Лавкрафт. Қорқынышты Шал

Хауар Лавкрафт

Үрей әлемін қалыптастыруда баға жетпес үлесі бар Хауард Филлипс Лавкрафттың осыған дейін бір әңгімесін аударған едім (оқимын десеңіз, міне, «Ескі кітаптағы сурет»). 

Бүгін шағын шығармасын ұсынып отырмын. «Қорқынышты Шалдан» қисынға сай сюжет, бас-аяғы бар оқиға іздесеңіз, таппауыңыз мүмкін, мұның қызығы атмосферада, әңгіменің сыйлайтын эмоциясында. Оны жеткізе алдым ба, жоқ па – білмеймін. 

«Лавкрафт әлеміне» тән Жаңа Англияның сипаты алғаш рет осы әңгімеде пайда болған екен. 

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ:)

Айтпақшы, автордың Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді.

Ал енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:) Оқуды жалғастыру

Габриел Гарсиа Маркес. Алып қанатты кәрі адам

Габриел Гарсиа Маркес. Дереккөз: elpais.com

Нобель сыйлығының иегері Габриел Гарсиа Маркесті білетін боларсыз. Тым құрығанда “Жүз жылдық жалғыздықты” естуіңіз бар шығар. “Сиқырлы реализм” деуші ме, әлгі құпия, ғажайып, тылсым дүниелердің күнделікті күйбең тірлікпен өріліп беруін суреттейтін жанрды? Міне, сол бағытта біраз дүние тындырған ақсақал.

Бүгін “Алып қанатты кәрі адам” атты әңгімесін аударып ұсынып отырмын.

Игіліктеріңізге.

Айтпақшы, қазақстандық режиссер Қуат Ахметов осы әңгіменің желісі бойынша “Жел-адам” деген фильм түсірген болатын.

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ.

Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi). Оқуды жалғастыру

Х.Ф. Лавкрафт. Ескі кітаптағы сурет

Х.Ф.Лавкрафт. Дереккөз: metacultura.com

Хауард Филлипс Лавкрафт — мистика, фентези, хоррор және ғылыми фантастика бағытында қалам тербеген, шығармашылығы XX ғасырдың басына тап келген АҚШ жазушысы. 46 жасында дүниеден өткен бұл автордың еңбектері өзгелердікіне ұқсамайтын ерекше стильде жазылғаны сондай, “Лавкрафт үрейі” атты бөлек жанрға топтастырылған. Тілі қиын, бірақ Лавкрафты түсініп, дәмін алып, түбіне жетіп оқыған адам әлем әдебиетінің бұл жазушыны неге сонша құрметтейтінін түсінеді деп ойлаймын.

Бүгін сіздерге 1920 жылы жазылған “Ескі кітаптағы сурет” атты шағын әңгімесін аударып, ұсынып отырмын. Оқуды жалғастыру

Рей Бредбери. Күн күркіреді

Көрнекі сурет. Дереккөз: sciencefiction.com

Америка жазушысы Рей Бредбери фентези мен ғылыми фантастикаға деген қызығушылықты арттырып, осы екі бағытқа деген оқырман сұранысын тудыра алды дейді әдебиет төңіректеген ғалымдар мен сарапшылар. Бүгін мен аударып, ұсынып отырған уақыт саяхаты, динозаврлар дәуіріне сапарлау туралы «Күн күркіреді» — «A Sound of Thunder» атты әңгімесі тұңғыш рет 1952 жылдың маусымында Collier’s журналында жарық көріпті. Игіліктеріңізге.

Оқуды жалғастыру

Роалд Дал. Қызметші

Роалд Дал. Дереккөз: theidlewoman.net

Роалд Дал атты жазушыны көбіміз «Чарли және шоколад фабрикасы» атты еңбегі арқылы білеміз. Бүгін ағылшын юморы, қатаң-қатігездеу әзіл, күтпеген финалдары арқылы танымал осы автордың «Бас қызметші» атты әңгімесін ұсынғым келеді.

* * *

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

Оқуды жалғастыру

Фредрик Браун. Жауап

Сонау 1954 жылы жазылған мына бір кішкентай фантастикалық әңгімені оқып шығуды ұсынамын. Әлгі сендердің гампұтірлерің мен ғұғылдарың түбі осыған алып келеді, көр де тұр.

Игіліктеріңе.

* * *

Дуар Ев қайнаған алтын құйып, соңғы контактіні салтанатты түрмен бекітіп тастады. Бақандай он екі камера мұның әр қимылын бағып, түсіріп, таратып жатыр – трансляцияны бүкіл галактика көріп отырған болатын.

Оқуды жалғастыру

Стивен Кинг. Шайқас

Мына әңгімені алғаш оқығанда түрім әлгі Колин Фаррелл бар мемдегі сияқты болды – «Неее??? Неғылдит! Не деп қуып кеттің, Стивен аға?»

Бірақ өте қызық болды, қалай «жұтып» қойғанымды сезбедім. Осындай басы жоқ, аяғы жоқ, дымды да түсіндірмейтін, бірақ сипатталып жатқан оқиғалар экшн түрде жүретін шығармалар қатты ұнайды.

Қысқасы, нағыз демалыстық «оқиво», оқып шығуға уақыт табасыздар деп үміттенемін.

Стивен Кинг

Оқып, пікіріңізді айтып, сілтемені бөлісе отырыңыз. Содан артық қолдау жоқ. Телеграмдағы әуесқой аударма каналына жазылып қою рекоменделеді. Авторға рахмет айту: +7 707 490 17 67 (Kaspi).

Енді өзіміз отырып әңгіме оқиық:)

Оқуды жалғастыру